07
декабрь
2019
Коучинг "Оқу мен оқыту үдерісінде оқушы үнін ескереміз бе?"
2019 жылы 2 желтоқсан күні тарих-география пәндерінің мұғалімі Байдулла Мөлдір мектеп мұғалімдеріне "Оқу мен оқыту үдерісінде оқушы үнін ескереміз бе?" тақырыбында коучинг өткізді. Коучингтің негізгі мақсаты - оқу мен оқыту үдерісінде оқушы үніне құлақ түру мұғалім мен оқушы арасындағы кедергілер, олардан шығудың жолдары туралы айту, пікірлесу, шешімін іздеу. Коучингке мектебіміздің мұғалімдері белсене қатысып, тақырыпқа байланысты көкейінде жүрген пікірлерімен бөлісті.






