Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Аққұм ауылында № 221 жалпы орта білім беретін мектебінде 2023-2024 оқу жылын аяқтау туралы брифинг өткізілді. Ағымдағы оқу жылы 134 оқушымен басталып,
132 оқушымен аяқталып отыр. Мектепте 32 мұғалім, 22 техқызметкер жұмыс жасайды.
2023-2024 оқу жылын аяқтау туралы төмендегідей жұмыстар атқарылды:

Жазғы тынығу лагеріне аз қамтылған отбасы балаларына міндетті оқу қорынан 10 оқушыға қаржы қаралып, «Тау самалы» лагеріне жолдама алынды. Мектеп жанынан ұйымдастырылған лагерьге 1-4-сыныптардан 20 бала, 5-8-сыныптан
40 бала қамтылды. Мектеп жанынан құралған «Еңбек бригадасына» 10-сыныптың 8 оқушысы тартылды.

Қазақ тілі пәнінен 5-8,10-сынып білім алушыларын аралық аттестаттаудан өткізу 2024 жылдың 27-31 мамыры аралығында жүргізіледі.

9-сыныпта қорытынды бітіру емтихандарының таңдау пәні Қазақстан тарихы, 11-сыныпта мемлекеттік бітіру емтихандарының таңдау пәні физика болып бекітілді.

2024 жылдың 27-31 мамыр және
26-30 тамыз аралығында 2-сыныптан
12 оқушы, 7-сыныптан 13 оқушыға «Жазғы мектеп» жұмысы ұйымдастырылады.

11-сыныпта 13 оқушы ҰБТ-ға қатысады және дайындық жұмысы күшейтіліп отыр.

Аудандық пәндік олимпиададан
12 оқушы, облыстық пәндік олимпиададан 3 оқушы жүлделі орынға ие болды. Ғылыми жоба бойынша ауданнан
1 орын -1 оқушы, облыстан 1 оқушы
Құрмет грамотасына ие болды.

Мектептегі оқушылардың білім сапасы 69,6 %-ды құрайды.

24 мамыр 2024 жыл «Білімім - Отаныма» тақырыбында барлық сыныптарда сынып сағаттары өткізіледі.

25 мамыр 2024 жылы 11-сыныптың бітіруші түлектері үшін мектеп директорының бұйрығы және ата-аналар комитетінің келісімімен «Балалық шақтан-болашаққа» тақырыбында іс-шара өткізіледі.

Мектеп бітірушілер іс-шараға мектеп формасымен қатыстырылады.

Оқушыларға мерекелік кештер, мерекелік дастархан жасауға, автокөліктермен шеруге шығуға, ақша жинауға , сыйлықтар ұсынуға, мейрамханаларда отырыс жасауға, демалыс орындары мен тауға саяхат жасауға қатаң тыйым салынады.

Бітірушілер, ата-аналар мен педагогтер арасында ақпараттық –түсіндірме жұмыстары қамқоршылық кеңес мүшелерімен бірге жүргізілді.

Аттестат тапсыру салтанаты 14 маусым 2024 жылы «Жолың болсын, Жас түлек! Тақырыбында мектептің акт залында өткізіледі және бұл шараға бітіруші түлектер мектеп формасымен қатыстырылады.