11
февраль
2020
"Мен және қоршаған әлем" ашық үлгілі сабақ
№221 негізгі орта мектебінде 10.02.2020 жылы "Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы" атты онкүндік аясында өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Гүлзада Сейтованың ұйымдастыруымен 6-сынып оқушыларымен "Мен және қоршаған әлем" тақырыбында үлгілі сабақ өткізілді. Сабақ барысында оқушылар шығармашылық тапсырмалар орындап, "Құстар қайтып барады" әнін орындады.








