14
декабрь
2020
«Тәуелсіздік- баға жетпес байлығым» сынып сағаты
№221 негізгі орта мектебінің 7-сыныбында 11 желтоқсан күні Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіздік- баға жетпес байлығым» тақырыбында тәрбие сағаты өтті. Отанды сүюге, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, жауапкершілікке, елге, жерге деген патриоттық сезімдерін ояту, елінің мұрасын жалғастырушы азамат болуға тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған шарада оқушылар елінің тарихы, тәуелсіздік жолындағы күрес туралы мол мағлұмат алды.





















