22
декабрь
2020
ҚР БҒМ Бала құқықтарын қорғау комитетінің арнайы бейнероликтерін көрсету мақсатында
Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Аққұм ауылы №221 негізгі орта мектебінде 22 желтоқсан күні Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің балалардың құқықтарын қорғау комитетімен ұсынылған балалардың құқықтарын қамтамасыз етуге бағытталған арнайы бейнероликтер топтамасын көрсету мақсатында ата - аналар жиналысы болды. Жиналыста сөз сөйлеген тәрбие ісінің меңгерушісі Н. Шораева бала құқықтарына байланысты кеңінен ақпарат айтты.













