01
сентябрь
2022
Терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет
Қызылорада облысы Жаңақорған ауданы Аққұм ауылы №221 жалпы білім беретін орта мектебінде 1 қыркүйек білім күніне орай
«Терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет» тақырыбында мерекелік кеш болды. Кеште сөз алған мектеп басшылары өскелең ұрпаққа өздерінің жылы лебіз тілектерін білдіріп, алдағы оқу жылында жетістікке жететіндеріне сенім білдірді. Алғаш мектеп табылдырығын аттаған 1 сынып оқушылары өздерінің тақпақтарын айтып, алғашқы қоңырауды соқты.




