23
ноябрь
2023
22.08.2023 жылы өткізілген конкурстың қорытындысы
№221 жалпы орта білім беру мектебінде 22.08.2023 жылы өткізілген конкурстың қорытындысы
Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы білім бөлімінің «№221 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің конкурстық комиссиясы педагогтің бос лауазымына тағайындау конкурсы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 22.12.2022 жылғы №568 бұйрығын негізге ала отырып, №221 жалпы орта білім беретін мектеп директорының 10.08.2023 жылғы №132 бұйрығына сәйкес, маманның декреттік демалыста болуына байланысты уақытша тәлімгер қызметіне жарияланған конкурстың өткізілгендігі жайлы қорытындысын жариялайды.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген үміткер Темірхан Нұрила Бекболатқызы құжаттары конкурсқа сай болғандықтан комиссия мүшелерінің қатысуымен құжаттары қаралды. Конкурстық комиссияның шешіміне сәйкес бос орынға үміткер жоғары білімді Темірхан Нұрила Бекболатқызын уақытша тәлімгер қызметіне тағайындауға мектеп директорына ұсынылды.
Комиссия ұсынысы негізінде Темірхан Нұрила Бекболатқызы №221 жалпы орта білім беретін мектебіне уақытша тәлімгер болып бекітілді.

