"Сиқырлы әлем" психологиялық апталығы
10 қазан-психикалық денсаулық күні. N221негізгі орта мектебінде педагог-психолог Г.Сейтованың ұйымдастырумен "Сиқырлы әлем" психологиялық апталығы өтті. Апталықта "Сенің арманың" сурет конкурсы, "Із кесуші"ойыны, "Біздің мектепте...болғанын қалаймын" , "Досыңа тілек " , "Менің сүйікті спорт түрім" плакат конкурсы, "Құпия қобдиша", "Психологиялық КВН" сияқты ойындар қамтылды.