8 НАУРЫЗ Халықаралық әйелдер күні құтты болсын » №221 орта мектебі
Қызылорда облысы
Жаңақорған ауданы білім бөлімінің
"№221 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Директор :
+7(702) 247-12-58
Директор орынбасары:
+7(777) 486-51-10
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 8 НАУРЫЗ Халықаралық әйелдер күні құтты болсын
07
март
2024

8 НАУРЫЗ Халықаралық әйелдер күні құтты болсын

Адам баласы үшін ананың орны қашанда биік. Жұмақ - ананың табанының астында деген сөздің мәні аяулы жанның қадірін ерекше асқақтатып тұрғандай. Бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербететін аналарға жүрекжарды лебізімізді күн сайын білдірсек те артық етпейді. Шұғылалы көктемнің 8-ші жұлдызы Халықаралық әйелдер күніне арналған  мерейлі мереке аталып өтілді.Кеште мектеп директоры Жахудаев Нариман Үсенұлы арнайы құттықтап, ыстық ықыласын білдірді.
– Әлемдегі кез-келген ұлт алдымен ананы құрметтейді, ананың алдында басын иеді. Қазақ халқы әйел затының қадір-қасиетін жоғары бағалап, беделін биік қойған. Жер – ана, Отан – ана, тілдің өзін анаға теңеп, оның құдыретін осылай бағалады. Міне, біз ана ұғымын осындай мәртебелі еттік. Асыл дінімізде де «Анаңды Меккеге үш рет апарсаң да ақ сүтін ақтай алмайсың», «Жұмақ ананың табанының астында» деген киелі ұғым бар. Сондықтан қай қоғамда болмасын нәзік жандылардың орны – төр. Кешегі ел егемендігін алған алмағайып, тоқырау тұста азаматтарға тіреу болып, маңдай терін төгіп, елді осынау тығырықтан аналар алып шықты. Сондықтан барша аруларды, аналарды, ақ самайлы әжелерді Аналар мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! – деп  ардагер мұғалімдерге құрмет көрсетіп, алғысын білдірді. 
💐Әуезді ән, мың бұралған бимен өріліп, көрермендерге керемет көңіл-күй сыйлады. Міне, адамзаттың анаға деген құрметі шексіз екенін осыдан көруге болады. Өйткені, анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды. Сондықтан аналарымыз аман болсын, мереке құтты болсын, арулар!!!

https://www.facebook.com/100024029208151/videos/pcb.1596642167813408/7438612379524317
https://www.facebook.com/100024029208151/videos/pcb.1596642167813408/1325610631437109







Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив