Жырлайды жүрек » №221 орта мектебі
Қызылорда облысы
Жаңақорған ауданы білім бөлімінің
"№221 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Директор :
+7(702) 247-12-58
Директор орынбасары:
+7(777) 486-51-10
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Жырлайды жүрек
09
февраль
2022

Жырлайды жүрек

Шын дарын өз заманының шындығын шығарма арқауына айналдырып, халық көңіліне ұяласа, ол мәңгі өмір сүреді. Халық сеніміне ие болу, қас - қабағын бағып, көңілі қалағанын жырға түсіру, сыр ғып шерту келешектің жарқын сәулесімен нұрландыра түсуі сирек кездесетін бақыт. Оны Мұқағали ақынның поэзиясынан танып, көруге болады.
Мұқағали өлеңдері – ұлттық поэзияның жаңа бір белеске көтерілгендігін,  қазақтың қара өлеңінің шынайы қасиеттерінің қадірі артып, бұрынғыдан да толысып, кемелдене түскендігінің куәсі. Ол қазақ өлеңінің ұлттық бояуы мен рухын ұстанды, оны түрлендіре байытты, сөйтіп қалың қазақ оқырмандарының жүрегіне жол ашты. Сонымен қатар ақын қазақ лирикасын ХХ ғасыр әдебиетінің озық үлгілерімен құнарландырды. Мұқағали сыршыл ыстық лирикасымен өз оқушыларының жүрегіне жол тапты, оларды жақсы жырдың ләззатына қандырып, өзінің менімен адамзатқа ортақ ақиқатты жырлап, қалың оқырманның жан жүрегін баурады. Бүгін Ақынның туған күні.  Осы орайда 221 негізгі орта мектебінде мектеп кітапханашысы Б.Төлекбаеваның, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі М.Бердихожаеваның, тарих пәнінің мұғалімі М.Байдулланың ұйымдастыруымен "Жырлайды жүрек" тақырыбында ақынның жыр кеші өтті.Оқушылар ақын өлеңдерін мәнерлеп оқып, жыр шумақтарын төгілте жырлады.
https://www.facebook.com/100058751796294/videos/pcb.356205499681174/1122300995240458
https://www.facebook.com/100058751796294/videos/pcb.356205499681174/1056142771909671
https://www.facebook.com/100058751796294/videos/pcb.356205499681174/913664799323770
https://www.facebook.com/100058751796294/videos/pcb.356205499681174/913664799323770
https://www.facebook.com/100058751796294/videos/pcb.356205499681174/991255975103674
https://www.facebook.com/100058751796294/videos/pcb.356205499681174/459556659159098
https://www.facebook.com/100058751796294/videos/pcb.356205499681174/256514619968440​​​
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив