27
апрель
2022
Психикалық саулық- дені сау адам негізі
27сәуір 2022 жылы №221 негізгі орта мектебінде педагог-психолог Г.Сейтованың ұйымдастыруымен "Психикалық саулық- дені сау адам негізі" тақырыбында 7-9-сынып оқушылары арасында аудандық емхана психологы Г.Сарбасова, аудандық емхананың СӨСҚ маманы Т.Сақтағанов және СЭС маманы эпидемиолог Р.Ахметованың қатысуымен семинар өткізілді. Семинардың мақсаты жасөспірімдер арасында өзіне өзі қол жұмсаудың, зорлық -зомбылықтың, психотроптық белсенді заттарды пайдаланудың, жыныстық тиіспеушіліктің алдын алу болып табылды. Семинар барысында арнайы видеороликтер, таныстырылымдар көрсетіліп, оқушылармен пікірлесу жүргізілді. Оқушылар психикалық саулықтың физикалық саулық сияқты маңызды екенін ажырата білді, психикалық саулықты сақтау жолдарымен топтық кеңестер кезінде таныс болды.















