02
февраль
2023
Алашым-айбарым
№221 жалпы орта білім беретін мектебінде 23 қаңтар мен 3 ақпан аралығында "Алаш зиялыларының мұрасы және Тәуелсіз Қазақстанның құндылықтары" тақырыбындағы онкүндік іс-шара жоспарына сәйкес 2 ақпан күні дене шынықтыру пәнінің мұғалімдерінің ұйымдастыруымен "Алашым-айбарым" атты волейболдан мектапаралық жарыста 10-сынып оқушыларынан құралған "Қыран" командасы жүлделі І орынды, 9-сынып "Қайсар" командасы ІІ орынды, 8-сынып "Жалын" тобы ІІІ орынды иемденсе, "Үздік ойыншы" номинациясымен 10-сынып оқушысы Құрмантай Мейірман, 9-сынып оқушысы Аятбек Қарақат, 8-сынып оқушысы Жұман Оразхан иеленді.
Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі: А. Қожатаев




