30
март
2023
"Шебердің қолы алтын" шеберлік сағаты
Ұлттық мәдениетіміздің ең байырғы, аса құнды саласының бірі саналатын қазақ қолөнері өзіндік даралығымен, терең тарихымен ерекшеленеді.
Қазіргі кезде қолөнер элементтері үй интерьерінде, киім сәндеу кезінде, әшекей бұйымдарда көп қолданылып жүр. Бүгінде ұлттық болмысты сақтап, дәстүрімізді дәріптеп, рухани жаңғыру жолында талмай еңбек етіп жүрген қолөнершілеріміз жетерлік. Сондай қолөнершілерді дәріптеп, оқушыларды қолөнерге баулу арқылы, шеберлікке үйрете отырып, ойлау қабілеттері мен ұсақ қол маторикасын дамыту мақсатында "Шебердің қолы алтын" шеберлік сағаты өткізілді. 








