10
апрель
2023
"Оқушылар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алуда мектеп пен отбасы-серіктестер"
"Оқушылар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алуда мектеп пен отбасы-серіктестер" тақырыбындағы ата-аналар жиналысы
№221 жалпы орта білім беретін мектебінде оқушылар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, қылмыстық әрекеттерді болдырмау , оқушыларды тәртіпке шақыру мақсатында, жоғары сынып оқушылары мен ата-аналардың қатыстырылуымен кезектен тыс жиналыс өткізілді.
Ата-аналар жиналысының күн тәртібінде төмендегідей мәселелер қаралды:
Жиналыс барысы мектеп директоры Жахудаев Нариман Үсенұлының басшылығымен жүргізіліп, күн тәртібіндегі мәселе бойынша тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Тасболатова Айдана Берікқызы хабарлама жасады. Сонымен қатар, жиналысқа мектебіміздің ардагер ұстазы Шораева Назигай Оразовна, ауыл имамы Әуелбеков Қадірбек Адырбекович, ата-аналар кеңесінің төрағасы Мұсаев Қуаныш Арыстанбекович қатысып, қоғамда орын алып жатқан балалар арасындағы құқық бұзушылыққа байланысты өз пікірлерін білдіре отырып, жас жеткіншектер мен олардың ата-аналарына ақыл-кеңестерін берді. Сонымен қатар, жиналыс барысында мектеп психологы Сейтова Гүлзада сөз алып, ата-аналарды бала психологиясын жіті назарда ұстауға шақырып, бала мен ата-ана арасындағы мейірім,махаббат үнемі өз деңгейінде көрініс тапса,қоғамда да мейірімділік орнайтынын алға тартты.


