26
май
2023
«Біз мектепке барамыз»
Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Аққұм ауылы №221 жалпы орта білім беретін мектебінде 26 мамыр күні «Біз мектепке барамыз» тақырыбында мектепалды даярлық сынып оқушыларының ертеңгілік қоштасуы болып өтті. Кішкентай болсада өз өнерлерін көрсете білген бүлдіршіндер 1—сыныпқа қадам басты. Тарыдай болып кірер білім ордасын жақсы нәтижемен, жақсы біліммен таудай болып аяқтап, елдің бетке ұстар азаматтары мен азаматшалары болуларыңа тілектеспіз!















