29
сентябрь
2023
ҚАРТТАРЫМ - АСЫЛ ҚАЗЫНАМ
Бүгін №221 жалпы орта білім беретін мектебінде «Қарттарым - асыл қазынам» атты мерекелік кеш өткізілді.
Бүгінгі бас қосуымыз - үлкендерге ізет, қарияларға құрмет, еңбек адамына деген ілтипат. «Үй алдында төбең болса, ерттеулі тұрған атпен тең, ауылыңда қартың болса, жазып қойған хатпен тең» дегендей ақыл айтып өнегелі сөз сөйлейтіндей қарттарымыз баршылық.
Қарияларымызға білім ордасының ұстаздары мен оқушылары әнмен қарсы алып, жыр шумақтарын арнап, жылы шыраймен құрмет көрсетті.
Кеш соңында сый - сияпат табысталып, естелік суреттерге түсті.
Ардақты аталар мен әжелер,
Сіздерді мерейлі мерекемен құттықтап, зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларыңызға амандық, бейбіт те берекелі тірлік тілейміз.
Еңселеріңіз тік, өмірлеріңіз шуақты болып, күш-қуаттарыңыз сарқылмасын!
https://www.facebook.com/100024029208151/videos/pcb.1506643610146598/1082769749772501



