25
декабрь
2023
ҚОШ БОЛ, ӘЛІППЕ!
25. 12. 2023 жылы №221 жалпы орта білім беретін мектебінде Каимова Жанардың ұйымдастыруымен 1-сынып оқушылары Қош бол, әліппе! атты ертеңгілігі болып өтті. Мақсаты: Оқушылардың әліппеден алған білімдерін ортаға салу, өнерлерін жан-жақты көрсету. Оқушыларды ана тілі оқулығымен таныстыру және білімге деген құштарлықтарын арттыру .
Ертеңгілігімізге оқушылар, ата-аналар, ұстаздар қатысып тамашалады. 1-сыныпта 3 қыз, 10 ұл бала бар. Бүгінгі таңда оқушылар 42 әріпті меңгеріп, сауатты оқып, жаза алады.
Оқушылардың білім теңізіне аттаған қадамдарына сәттілік тілейміз!
Сынып жетекшісі: Каимова Жанар
https://www.facebook.com/100024029208151/videos/pcb.1556391611838464/329571676569614
https://www.facebook.com/100024029208151/videos/pcb.1556391611838464/260840670116051



