7.11.2023 жылы №221 жалпы орта мектебінде "Happy English" ағылшын тілі апталығы басталды. Апталықтың ашылуында пән мұғалімі Алдабергенова Ақмарал оқушыларға апталықтың жоспарын таныстырып өтті.
№221 жалпы орта білім беретін мектебінде оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында 9-11 сынып оқушылары арасында «Оқушылардың негізгі құқықтары» тақырыбында эссе жазды.
30 қараша күні №221 жалпы орта білім беретін мектебінің ағылшын тілі пәні мұғалімі Алдабергенова Ақмаралдың ұйымдастыруымен "English songs and poems" атты ағылшын тілінде әндер орындау және өлеңдер оқу кеші өтті.
№221 жалпы орта білім беретін мектебінде 30 қараша күні "Алаш ұлағаты-Ұландар үнінде" акциясы аясында 3- сынып оқушылары арасында " Көңілді үзіліс"өткізілді. Сынып жетекшісі: Үсенова Баян Тәлімгер: Н. Темірхан
29.11.2023 жылы №221 жалпы орта білім беретін мектебінде "Happy English" ағылшын тілі апталығының 3-күні "English - speaking countries" сайысымен жалғасын тапты.Бұл сайысқа 5-10 сынып оқушылары қатысты.
№221 жалпы орта білім беретін мектебінде 28қараша күні 7-11сынып оқушыларына тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б. Нысанбаев, мектеп психологы А.Төлешов және құқық пәнінің мұғалімі М.Байдулланың ұйымдастыруымен оқушыларға «Өз құқығыңды біліп жүр» тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Парламент ұйымының Спорт және салауатты өмір салты фракциясының «Мектеп Лигасы» спорттық іс-шара аясында волейболдан 9-11 сыныптар аралығында сайыс болып өтті.