11
ноябрь
2023
ҰБТ-ға дайындық
ҰБТ-ның мақсаты - мектепті бітіруші түлектердің негізгі пәндерден бағдарламаны қаншалықты меңгергендігін саралау . Бағдарлама - мемлекеттік құжат. Оны толық меңгеру оқушының , меңгерту - мұғалімнің ең басты міндеті. Мектеп сол арқылы баланы ертеңгі өмірге даярлайды. Ал ата-ана ұстаздармен бірлесе отырып , баланың болашақта белгілі бір мамандықты жаңылыспай таңдауына көмек береді. Алдағы үлкен сынаққа дайындығын күшейту тапсырылды.Ата-аналар жиналысында қосымша тестке дайындық мәселесі талқыланды,ҰБТ- ға. дайындық кестесімен таныстырылды. Оқушы үшін жалпы орта білім беретін мектеп программасын партада меңгерумен қоса ҰБТ-ға дайындықтың технологиясының өзіндік табиғатын терең түсінуі маңызды. Сондықтан бала мамандық таңдауды 8-9 сыныптан бастап түбегейлі нақтылап, пәндік бағыт бойынша тұрақты дайындыққа кіру қажеттігін ескерткен мектеп директоры Нариман Үсенұлы мектеп бітіруші 11сынып оқушыларын спартакиада, басқа да іс шаралардан босатылуды тапсырды.









