13
ноябрь
2019
"Ұлтын сүйген ұл тұлға" республикалық байқау жеңімпаздары
2019 жылдың 30 қазаны күні Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Бірлік ауылындағы №55 С.Қожанов мектебінде С.Қожановтың 125 жылдық мерейтойына арналған «Ұлтын сүйген ұлы тұлға» тақырыбында республикалық байқау өткізілді. С.Қожановтың өмірі мен шығармашылығын терең тану, оның елі мен жеріне, ұлты мен халқына, күллі түркі дүниесіне жанашырлықпен қараған іс-әрекетін зерделеп, оқушыларға таныту, ұлтымыздың біртуар марғасқасын еске алып, Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында С.Қожановтың өмірін ұрпаққа өнеге ретінде насихаттау мақсатында ұйымдастырылған бұл байқауда «Алаштың ақсұңқары» тақырыбындағы эссе жазу бөлімі бойынша мектебіміздің 9-сынып оқушысы М.Машрап І орын, «Ұлтын ұлықтаған қайраткер» атты жас ақындар мүшайрасы бойынша 9-сынып оқушысы А.Аятбек Алғыс хат, «Сұлтабектану» атты жас ғалымдардың ғылыми жоба қорғау сайысында 9-сынып оқушысы Түлкібай Ерсұлтан ІІІ орын иегерлері атанды. Оқушыларды дайындап, бәйгеге қосқан жетекші мұғалімдер қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі М.Бердіқожаева және тарих-география пәндерінің мұғалімі М.Байдулла.






Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз! Біз сіздермен мақтанамыз!







Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі М.Бердіқожаева