15
март
2023
Қазақстан тарихынан қашықтық олимпиадасы
ҚР Тұңғыш Президенті қоры сыйлығының иегері, үздік қазақ тілді білім сайты атанған Qaztest.kz онлайн олимпиада ұйымдастыру комитеті қазақтан шыққан тұңғыш тарих ғылымдарының докторы, профессор, ҚазКСР ҒА-ның корреспондент-мүшесі Ермұхан Бекмаханұлының өмірі мен ғылыми мұрасын насихаттау мақсатында оқушылар арасында дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын V Республикалық Е.Бекмаханұлы атындағы Қазақстан тарихы қашықтық олимпиадасынан №221 жалпы білім беретін орта мектебінің 5-сыныбынан 10 оқушы қатысып жүлделі І орын және «ЖАС ТАРИХШЫ» номинациясының иегерлері атанды.Ең үздік нәтиже көрсеткен Кенжебайқызы Гүлсая «ЖАС ТАРИХШЫ» төсбелгісіне ие болды.





































