09
январь
2020
Тәжірибе алаңы - 2020
2020 жылдың 2-5 қаңтар аралығында Жаңақорған ауданында ""Өрлеу" біліктілікті арттыру ұлттық орталығы" акционерлік қоғамының филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының ұйымдастыруымен шығармашыл мұғалімдердің облыстық тәжірибе алаңы болып өтті. Тәжірибе алаңына №221 негізгі орта мектебінен екі мұғалім қатысты. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Б.Жоланов тәжірибе алаңының сарапшылар қатарынан көрінсе. информатика пәні мұғалімі Н.Садыбаева аудандық құраманың мүшесі ретінде додаға қатысты. Информатика пәні мұғалімі Н.Садыбаева шығармашыл мұғалімдердің облыстық тәжірибе алаңы аясында "Оқыту әдістемесін жетілдіру жолдары" тақырыбында өткізілген идеялар аукционында өзінің МАДС және 1-сынып мұғалімдері мен ата-аналарына арнап әдістемелік көмек құралы ретінде жасаған мобильдік қосымшасы "Spelling" әділ қазылар алқасына ұсынды. Әділ қазылар мен тәжірибе алаңының сарапшыларының бағалауымен үздік деп танылған идея жүлделі ІІ орынға ие болды.














Тәжірибе алаңы - 2020 көріністер:











Жеңімпаздарды марапаттау сәтінен:


