11
сентябрь
2020
"Құқық - әділет пен парасат жолы" тәрбие сағаты
11.09.2020 жылы 7-сынып жетекшісі М.Бердіқожаева сынып оқушыларына "Құқық - әділет пен парасат жолы" тақырыбында тәрбие сағатын өткізді. Мақсаты : Оқушыларға адам құқықтары мен бостандықтары жайлы баптардан түсінік қалыптастыру, құқықтық білімдерін толықтыру. Оқушылардың саяси саналығы мен таным белсенділігін арттыру, заңдарды талдай отырып, өз беттерімен салыстыра білуге, өмірде қолдана білуге, ойлау қабілетін дамыту. Адамгершілік, ізгі қасиеттер мен ар – ождан бостандығына, адалдық пен мейірімділікке баулу арқылы құқықтық тәрбие беру.











