06
март
2020
"Алдымен сүй, ардақта ата-анаңды" ашық тәрбие сағаты
04.03.2020 жылы мектебіміздің 5-сыныбында сынып жетекшісі Байдулла Мөлдірдің ұйымдастыруымен "Алдымен сүй, ардақта ата-анаңды" тақырыбында ашық тәрбие сағаты болып өтті. Тәрбие сағатының мақсаты Оқушыларды адамгершілікке, қайырымдылыққа, жақсы үлгі-өнегеге, үлкенді сыйлау, кішіге қамқор, болу қасиеттеріне, мейірімділікке, қарияларды құрметтеуге тәрбиелеу, ұнамды-ұнамсыз, әдепті-әдепсіз қылықтарды ажырата білуге үйрету. Оқушылардың бойында ата-анаға деген ерекше жылы сезім қалыптастыру, ата-ананың бала өміріндегі ролін түсіндіру, ата-ананы құрметтей, сыйлай білуге тәрбиелеу. Тәрбие сағаты барысында оқушылар өздерінің ата-аналарымен бірге тақырыпқа сай өздеріне берілген тапсырмаларға байланысты жұмыстарымен таныстырды. Оқушылар ата-аналарына арналған ән-шашуларын ұсынды.



























