11
декабрь
2020
«Өз көңіл күйіңе әсер ет және оны жақсарт» рефреш/қайталау дәрісі
Жасөспірімдердің денсаулығы мен өмірлік дағдыларын қалыптастыру мен суицидтердің алдын алу» бағдарламасы бойынша «Өз көңіл күйіңе әсер ет және оны жақсарт» рефреш/қайталау дәрісін №221 негізгі орта мектебінің педагог-психологы Г.Сейтова 9-сынып оқушыларымен 11.12.2020 жылы жүргізді. Дәріске 8 оқушы қатысты. Дәріс барысында эмоционалдық мәселелер, стресс, дағдарыс, депрессия, суициалды ойлар немесе психикалық денсаулықтың басқа да мәселелері туралы түсініктері қайта еске түсіріліп, өзіне, досына көмек керек кезде кімге жүгіну керектігі туралы ақпараттар берілді.





