19
ноябрь
2019
№2 дәріс. Өз көңіл күйіңді көтеріп, қуана біл!
Жасөспірімдердің денсаулығы мен өмірлік дағдыларын қалыптастыру мен суицидтердің алдын алу» бағдарламасы бойынша педагог-психолог Г.Сейтованың ұйымдастыруымен №221 негізгі орта мектебінде «Өз көңіл күйіңді көтеріп, қуана біл!» тақырыбында №2 дәріс 11.11.2019 жылы өтті. Дәріс барысында оқушылар «Стресс және дағдарыс», «Депрессия және суицид туралы ойлар» , «Досың қиындыққа тап болса, қалай көмектесуге болады?», «Кімнен кеңес және көмек сұрауға болады» тақырыбында ақпараттандырылды. Аталмыш дәріске 8-сыныптың 8 оқушысы қатыстырылды. Оқушылар дәріс барысында көптеген ойларымен бөлісті.
Педагог-психолог Г.Сейтова


