02
декабрь
2022
Lesson Study, ақпараттық әлем және біз
Lesson Study - мұғалімдер тәжірибесі саласындағы білімді жетілдіруге бағытталған ынтымақтастық педагогикалық тәсіл. Lesson Study - оқушылардың білімдерін көтеру мақсатында өткізіледі
Lesson Study барысында мұғалімдер:
- Мұғалімдер тобы /кем дегенде 3 мұғалімнен/ қатысады;
- Сабақ жоспарларын бірлесе құрады;
- Үш деңгейдегі оқушыларды анықтайды;
- Зерттеуді, бағалауды, бақылауды, талдауды бірлесе жүргізеді.
- Оқушылармен сұхбат жүргізеді;
- Әріптестерімен бөліседі.
Осы ретте, желтоқсан айында гуманитарлық пәндер бірлестігінің жетекшісі Жоланова Зураның ұйымдастыруымен "Lesson Study, ақпараттық әлем және біз" атты мектепішілік семинар өткізілді. Сыныптағы білім сапасын көтеру, сонымен қатар пән мұғалімдерінің өзара тәжірибе алмасуын, кәсіби шеберлігін, бақылау дағдыларын дамыту мақсатында ұйымдастырылған шарада тарих және герография пәні мұғалімі М.Байдулла "Lesson Study-сабақты зерттеу тәсілі "тақырыбында коучинг өткізсе, қазақ тілі пәні мұғалімі М.Бердихожаева 6-сыныпта "Тарих қойнауында" тақырыбында зерттеу сабағының 3- сабағын өтті. Аталмыш шараны мектеп директоры Н Жахудаев қорытындылады.





