26
ноябрь
2022
"Ана тілім- асыл қазынам" атты бастауыш апталығы
- Бастауыш сыныптар бірлестігіндегі апталықтың екінші күні жоспарға сай өткізілді. 3-4 сынытар арасында бастауыш сынып мұғалімі Г.Төлекова "Мың бір мақал... " мақалдың жалғасын табу сайысын өткізді. Сайыс бірнеше кезеңдерден тұрды. Сайысқа қатысушы оқушылар екі топқа бөлінді. Әр топқа тақырыпқа сай тапсырмалар берілді. Сайыс барысында "Қыран" тобының оқушылары қазақ халқының мақал-мәтелдерін жалғастырып жазу кезінде алғырлық танытып жеңіске жетті.
- Бастауыш сыныптар бірлестігіндегі апталықтың үшінші күні жоспар бойынша өткізілді. 2-4-сыныптар арасында бастауыш сынып мұғалімі Үсенова Баян "Ұшқыр ой, ұтымды жауап" интеллектуалды сайыс өткізді. Сайыс кезеңдері: 1. "Тапқыр болсаң, талас жоқ". Жасырын берілген өлең жолын "Фонарик" әдісімен оқып, өлең аты мен авторын табады. 2. "Адасқан сөздер". Берілген сөздердің реттілігін сақтап, дұрыс сөйлем құрастырады. 3. "Ұйқасын тап". "Ілгіш" әдісімен өлеңнің ұйқасын табады. Сайыс барысында қатысушылар үш топқа бөлініп, берілген тапсырмаларды қызығушылықпен орындап, белсенділік таныта білді. Сайыс өз мәресіне жетіп, "Болашақ" тобы топ жарды.
- Бастауыш сыныптар бірлестігіндегі апталықтың үшінші күні жоспар бойынша өткізілді. 2-4-сыныптар арасында бастауыш сынып мұғалімі Үсенова Баян "Ұшқыр ой, ұтымды жауап" интеллектуалды сайыс өткізді.Сайыс кезеңдері:1. "Тапқыр болсаң, талас жоқ". Жасырын берілген өлең жолын "Фонарик" әдісімен оқып, өлең аты мен авторын табады.2. "Адасқан сөздер". Берілген сөздердің реттілігін сақтап, дұрыс сөйлем құрастырады.3. "Ұйқасын тап"."Ілгіш" әдісімен өлеңнің ұйқасын табады. Сайыс барысында қатысушылар үш топқа бөлініп, берілген тапсырмаларды қызығушылықпен орындап, белсенділік таныта білді. Сайыс өз мәресіне жетіп, "Болашақ" тобы топ жарды.
- 24 қараша күні 2-4 сыныптар арасында "Ертегілер еліне саяхат" тақырыбында "Жеті лақ" "Шалқан" және "Мысық пен тышқандар" ертегісінен сахналық қойылым көрсетті. Оқушылар кейіпкер рөлдерін тамаша сомдап шықты.Ұйымдастырушы бастауыш сынып мұғалімі: Ж Ташимова
- 25 қараша күні 2-4 сыныптар арасындағы "Ана тілім- асыл қазынам" тақырыбында ұйымдастырылған апталық өз мәресіне жетті. Апталықты қорытындылауда бастауыш сынып мұғалімі Д. Маханова ұйымдастырылған барлық іс-шараларға өзіндік дара ерекшеліктерін көрсете білген оқушыларға алғыс білдірді. Апталық қорытындысында оқушылар "Біздің сынып" тақырыбындағы жасаған жұмыстарымен таныстырды. Әрі қарай "Алақан" әдісі арқылы апталық туралы ойларын жеткізді. Апталыққа белсене қатысқан барлық әріптестерімізбен оқушыларымызға алғысымызды білдіреміз. Бастауыш бірлестік жетекшісі: Д. Маханова.
















