Бастауыш сыныптар апталығы
№221 негізгі орта мектебінде 14-19 қазан аралығындағы күндері бастауыш сыныптар арасында «Тілім тірегім- соғып тұрған жүрегім» атты апталық өтілді. Апталыққа 2-4 сынып оқушылары түгелдей қатысты.
15 қазан күні 2-4 сыныптар аралығында «Білгенге маржан, білмеске арзан» атты тақырыпта мақал- мәтелдердің жалғасын табудан сайыс өтті. Сайысқа сынып оқушылары түгел қатысты. Оқушылар 3 топқа бөлінді. 1- топ: «Білгір» 2- топ: «Марғұлан» 3-топ: «Зерек» тобы болып жайғасты. Топ арасынан мақал-мәтелдердің жалғасын жаңылмай айтып жатқан оқушылар болды. Атап айтар болсақ, «Білгір» тобынан : Сабина, Нұрсила, Нұртілеу, Шұғыла, Ақтоты. «Марғұлан» тобынан : Ханшайым, Асылжан, Сұлтанай, Қарақат, Сұлтан, Айбек. «Зерек» тобынан: Адина, Думан, Нұрзат, Қарашаш, Мәди, Аружандар болды. Сайыстың қорытындысы бойынша көп ұпай жинаған «Зерек» тобындағы оқушыларды мақтап марапатталды. Қатысқан оқушыларға ынталандыру сыйлықтары берілді.
16-қазан күні «Өлең сөздің патшасы» тақырыбында тіл туралы өлеңдерді мәнерлеп оқудан сайыс өткізілді. Сайыстың мақсаты: Оқушылардың өздеріне ұнаған ақындардың тіл туралы өлеңдерін мәнерлеп айту, сөздік қорларын байыту, тез жаттау дағдыларын қалыптастыру. Сайысқа 2-4-сынып оқушылары қатысты. Барлық оқушылар да сайысқа дайындықпен келген. Дегенмен оқ бойы озық шығып, көзге түскен оқушыларды атап өтсек, 2-сыныптан: Түлкібай Сағыныш, Әліппай Қарақат, Бағланұлы Нұртілеу Қ.Мырзалидің «Ана тілің-арың бұл» өлеңін оқыды;
3-сыныптан: Дәулетбек Орынбасар А.Құнанбайұлының «Буынсыз тілің», Төлепберген Құралай Қ.Мырзалидің «Ана тілің-арың бұл», Әліпбай Намазхан Д.Әбіловтың «Туған тілім», Қалжан Нұршат М.Шахановтың «Төрт ана», Асылбекқызы Сабина Н.Айтұлы «Ана тілім», Бұдабайұлы Мирас Ы.Әкімнің «Ана тілі», Ерболатқызы Назым О.Асқардың «Үйрен ана тіліңді», Оразбек Оразгелді С.Торайғыровтың «Қазақ тілі», Әліппай Қарашаш Ә.Табылды «Ана тілі», Оразкелдиева Ханшайым М.Мақатаевтың «Үш бақытым», Арыстанбек Асылжан М.Жұмабаевтың «Қазақ тілі», Оразкелді Аяулым Әдібай Табылды «Ана тілі сабағында» өлеңін оқыды;
Сондай-ақ 4-сыныптан: Бердібек Мәди, Бейбітшілік Ернар, Тілеухан Шұғыла, Қалмырза Адина, Асан Айбек те өздеріне ұнаған ақындардың өлеңдерін нақышына келтіре мәнерлеп, жатқа айтып шықты.
17 -ші қазан күні 1, 2, 3, 4-ші сынып оқушылары арасында «Жаңылтпашты жаңылмай айт» тақырыбында жаңылтпашты жаңылмай айтудан сайыс болды. Сайысқа оқушылар түгел қатысты. Оқушылар жаңылтпашты жаңылмай айту барысында өз ана тілдерін мақтан тұта отырып, ана тілімізді қалай сүйетіндігін және жаңылтпашты жаңылмай жатқа айту да өнер екендігін қайта аңғартты. Жаңылтпашты жаңылмай, түсініп, жатқа шапшаң айтқан оқушылар болды.
Мысалы: Бұдабайұлы Мирас, Әліппай Қарашаш, Оразбек Оразкелді. Сайыстың қорытындысы бойынша бірінші орынды төртінші сыныптан үш оқушы иеленді. Олар: Қалмырзы Адина, Жұман Расул, Асылбекқызы Сұлтанай. Екінші орынды екі оқушы Әліпбай Қарашаш,Ерболатқызы Назым 3-сыныптан иеленді. Ал,үшінші орынға ие болған оқушылар қатарына тоқталсақ: Бұдабайұлы Мирас, Арыстанбек Аружан, Сұлтан Бейбарыс, Оразбек Оразкелді. Сайысқа қатысқан оқушылар ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды. Сайысты бастауыш сынып мұғалімі Төлекова Гүлзира қорытындылады.
18 қазан күні «Тілім тірегім- соғып тұрған жүрегім» тақырыбында оқушылар тіл туралы эссе жазу тапсырмасы ұсынылды. Эссе жазудың мақсаты оқушылардың туған тіліне деген ыстық- ықыласын білу, туған тілін таныту. Өз туған тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру.
Жазылған эсселер бойынша айтатын болсақ 2-сыныптан Кенжебайқызы Гүлсая, Ермұрат Нәжмәдин, Әліппай Қарақат 3-сыныптан Оразбек Оразгелді, Әліпбай Намазхан, Дәулетбек Орынбасар, 4-сыныптан Асылбекқызы Сұлтанай, Тілеухан Шұғыла, Асан Айбек, Қалмырза Адиналардың жазған эссселері үздік деп танылды.












