15
февраль
2024
Салт-дәстүрім - қазынам
№221 жалпы орта білім беретін мектебінде "Өнер - өрге жетелейді" атты көркем еңбек пәні апталығының жоспарына сәйкес 15 ақпан күні 7-9-сынып арасында "Салт-дәстүрім - қазынам" сайысы өткізілді. Сайыс барысында оқушылар салт-дәстүрге байланысты сұрақтарға жауап беру, тұрақты сөз тіркестерінің мағынасын табу, салт-дәстүрдің бірінен көрініс көрсету,ұлттық бұйымдарымыздан қолөнер көрсету бойынша сынға түсті.
9-сынып оқушылары І орынға,
7-сынып оқушылары ІІ орынға ие болды.












