20
январь
2023
"Өнерлінің өрісі кең" технология апталығы
16 қаңтар күні "Өнерлінің өрісі кең" атты көркем еңбек пәні апталығының ашылуы болды. Ашылуы барысында көркем еңбек пәнінің мұғалімі Динара Досманбетова "Қолөнер арқылы оқушылар шығармашылығын дамыту" тақырыбында баяндама оқыды. Сонымен бірге,бір аптада атқарылатын жұмыс жоспарымен таныстырды. Апталық барысында 5-6 сынып оқушыларымен "Кім жүйрік?", 7-9 сынып оқушыларымен "Өнерлі қыз, шебер жігіт", 7-9 сынып қыздарымен "Қыздар сұлу көрінер өнерімен" сайыстары және еркін тақырыпта сурет байқауы өткізіледі.
17 қаңтар күні 5-6 сыныптар арасында "Кім жүйрік?" сайысы өтті. Әр сыныптан екі ұл,екі қыз қатысты. Сайыс барысында қыздар бисерден жүзік тоқыса,ұлдар түрлі түсті қағаздан робот жасады. Сонымен бірге, берілген мәтінге байланысты сурет салып, адасқан әріптерден пәнге қатысты сөздер құрастырып шықты.
18 қаңтар күні 7-9 сыныптар арасында "Өнерлі қыз,шебер жігіт" сайысы өткізілді. Әр сыныптан екі ұл,екі қыз қатысты.Сайыс барысында қыздар шашқа тағатын абадокты түрлі моншақтармен әсемдесе, ұлдар қамшы өрді. Сонымен бірге,түрлі түсті қағаздан ою қырқып, сол оюға қысқаша түсініктеме берді және салт-дәстүрге, тұрақты тіркестерге қатысты сұрақтар қойылды. Әділқазылардың шешімі бойынша 8 сынып оқушылары 96ұпаймен 1 орынды иеленсе, 7сынып 90 ұпаймен 2орын, 9 сынып оқушылары 80 ұпаймен 3 орынды иеленді.
19 қаңтар күні 7-9 сынып қыздар арасында "Қыздар сұлу көрінер өнерімен" сайысы өткізілді.Сайыста қыздар өнер,шебер туралы мақал-мәтел, шаш сәндеу, қамыр жаю, салат жасау жұмыстары бойынша өз өнерлерін көрсете білді. Сонымен бірге, "Көрермен сыйы" айдары бойынша көрермендерге сұрақтар қойылды. Бірнеше сұрақтарға жауап берген оқушылар марапатталды. Сайыс қорытындысы бойынша 80 ұпаймен 8 сынып қыздары 1 орын, 7 сынып қыздары 76 ұпаймен 2 орын, 9 сынып 69 ұпаймен 3 орынды иеленді.
20 қаңтар 5-9 сыныптар арасында шығармашылық тапсырма болды. Яғни, оқушылар еркін тақырыпта салған суреттері мен қолөнер бұйымдарын өткізді. Мақсаты: оқушыларды әсемдікке, жауапкершілікке, төзімділікке баулу.