28
март
2024
МАМАНДЫҚТАР ӘЛЕМІН АШАМЫЗ…
№ 221 жалпы орта білім беретін мектебінде 28.02.2024 жылы директордың бейінді істері жөніндегі орынбасары Г.Сейтованың ұйымдастыруымен "Мамандықтар әлемін ашамыз" республикалық форумының мектепішілік (іріктеу) кезеңі өткізілді. Аталмыш шараға 11-17 жас аралығындағы 8 оқушы қатысты. "Мамандық таңдау- маңызды іс " десек те, оқушылардың өзі таңдаған мамандығы жайлы ізденісі, қызығушылығы бізді қуанта білді. Білім алушыларымыз "Мен мамандықты... таңдаймын", "Жас мобилограф" номинациялары бойынша өз жұмыстарын жақсы қорғап, ең жақсы жұмыстарды әділқазылар алқасы аудандық кезеңге ұсынды.Байқауға оқушыларды дайындауға белсене қатысқан А.Алдабергенова, М.Байдулла, М.Бердіхожаева, Б.Нұрмышев сынды сынып жетекшілердің еңбегін ерекше атап, еңбектеріне шығармашылық табыс тілейміз. Мектепішілік іріктеу кезеңі қорытындысында
11-сынып оқушысы Мақаш Аруна -I орын,
9-cынып оқушысы Малтабар Парасат-II орын,
10-cынып оқушысы Сайымбай Дания -IIIорын.
7-cынып оқушысы Асылбекқызы Сабина – I орын,
8-cынып оқушылары Тілеухан Шұғыла мен Асылбекқызы Сұлтанай -II орын,
11-cынып оқушысы Құрмантай Мейірман мен Аятбек Қарақат - III орын иеленді.
https://www.facebook.com/100024029208151/videos/pcb.1592408141570144/930361128665139

