08
декабрь
2023
ЖАС МАМАНДАРҒА ӘДІСТЕМЕЛІК КӨМЕК ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
Әдістемелік көмек беру үшін директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Б.Жоланов, тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Нысанбаев, бейінді істері жөніндегі орынбасары Г.Сейтова , тәжірибелі ұстаздар З.Жоланова, М.Бердіхожаева, М.Байдулла, А.Алдабергеновалар қатысты. Жас мамандарға мектепішілік құжаттарды таныстырып, оқу-тәрбие процесінің табысты болуы жылдан жылға күрделі әрі зор жауапкершілікті талап ететіндігін түсіндірді. Білікті маман болуға ұмтылу- бұл өзіңнің әрбір тәрбиеленушілерге қажет болуға талпыныс және білім алушыларды тәрбиелеудегі кішігірім жетістіктер мен үлкен жеңістердің қуанышы. Олай болса, жас мамандарға артылар жүктің салмағы едәуір дей келе , жас мамандарға сәттілік тілеп, сенім білдірді.









