26
март
2021
"Наурыз - думан" наурыз мерекесіне орай өткізілген іс-шара жұмыстары
№221 негізгі орта мектебінің сынып жетекшілері 5-9 сынып оқушыларына 19 наурыз күні "Наурыз - думан", "Нұр себеле ұлыстың ұлы күні" тақырыбында сынып сағатын өтті. Сынып сағатының мақсаты: қазақ халқының салт - дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу; Наурыз мерекесінің қазақ даласындағы орны, наурыз мерекесі туралы түсінік беру; Наурыз мерекесін ұлттық салт - дәстүрімізбен, әдет-ғұрпымызбен байланыстыра насихаттап, ұрпақтардың өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру.



















