01
февраль
2022
Өзін өзі тану: Сүйіспеншілік пен шығармашылық педагогикасы" атты онкүндігінің салтанатты ашылу жиыны
N221 негізгі орта мектебінде 1.02.2022 жылы "Өзін өзі тану: Сүйіспеншілік пен шығармашылық педагогикасы" атты онкүндігінің салтанатты ашылу жиыны өткізілді. Онкүндіктің мақсаты оқушылардың рухани-адамгершілік әлеуетінің дамуына, олардың Жалпыадамзаттық құндылықтардың маңыздылығын ұғынып өмірде қолдануға, қоғамға қызмет ету дағдыларын дамытуға, өз бойларында барлық асыл қасиеттерді сіңіріп, сүйіспеншілікке, қайырымдылыққа, мейірімділікке, адалдыққа баулу. Оқушылар " Атасы мен немересі" атты көрініс көрсетіп, Жалпыадамзаттық құндылықтар мен асыл қасиеттерді дәріптеп, әдептілік жайлы ақыл кеңестерді ортаға салды.











