02
февраль
2022
Мейірім -менің жүрегімде
2 ақпан 2022 жылы N221 негізгі орта мектебінде өзін-өзі тану пәні мұғалімі Сейтова Гулзаданың ұйымдастыруымен "Өзін-өзі тану: Сүйіспеншілік пен шығармашылық педагогикасы" атты онкүндік жоспарына сәйкес 7-9-сынып оқушылары арасында "Мейірім -менің жүрегімде" тақырыбында сурет салу байқауы өтті. Байқаудың мақсаты жас ұрпақтың шығармашылық және танымдық белсенділігін ынталандырып, балаларды сүйіспеншілік, ақиқат, дұрыс әрекет, ішкі тыныштық, қиянат жасамау- жалпыадамзаттық құндылықтарына бейімдеу, мейірімді, адал, қайырымдылыққа, кішіпейілділікке үйрету болып табылады. Оқушылар сурет байқауында плакаттарға топпен суреттер салып, соңында өз жұмыстарын қорғап шықты. Оқушылар шараға белсенді қатысты.

















