27
апрель
2022
Балалар үшін қауіпсіз жағдайларды қамтамасыз ету
2022 жылдың 27 сәуір күні №221 негізі орта мектебінің 5-7 сынып оқушыларымен кезектен тыс жиналысы болып өтті. Жиналыс барысында ҚР Білім және ғылым министрлігінің "Балалар үшін қауіпсіз жағдайларды қамтамасыз ету" тапсырмасы негізінде оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, таулы аймаққа, табиғат аясына білім бөлімдерінің рұқсатынсыз өздігінен жасөспірімдердің экскурсияларға шықпаулары, жолда жүру ережелерін сақтауы, күн жылыған мезгілде рұқсат етілмеген жерлерге суға түспеуі, түнгі мезгілде ата-аналарсыз көшеде жүрмеулері,қауіпсіздік шараларын сақтауы жөнінде айтылып,түсінік жұмыстары жүргізілді. Жиналысқа мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н.Шораева, оқу ісі жөніндегі орынбасар Б.Жоланов мектеп педагог-психологы Г.Сейітова және сынып жетекшілер қатысты.8-9 сынып оқушыларына теміржол бекетінің бригадирі Д.Көкішев теміржол бойындағы қауіпсіздік ережелері жайында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.







