16
март
2023
"Бір тал кессең, он тал ек"
"Бір тал кессең, он тал ек" қағидасын ұстанған халқымыз үшін тал егу көктем көзі шыққандағы маңызды істердің бірі. Қазақ әуел бастан Наурыз мерекесіне ерекше дайындалған. Барша жұртты жұмылдыратын тал егу жұмысы арқылы баланың табиғат анаға, күллі жаратылысқа деген ықыласын оятып, адам баласының табиғатпен үйлесімді түрде дамитынын ұғындырары сөзсіз.
Осыған орай мектебімізде "Менің ағашым" мектеп ауласын көгалдандыру акциясы және Наурыз мейрамын мерекелеуге арналған іс-шара жоспарына сай "Жасыл үй" челленджі бойынша мектеп оқушылары ата-ана, ұстаздарымен бірге өз ағаштарын отырғызды.




