28
март
2023
"Асық party"
Қазақтың ұлттық ойындарын насихаттау және ата-ана мен бала арасындағы сүйіспеншілік пен махаббатты арттыру мақсатында "Асық party" асық атудан отбасылық сайыс өтті.
Асық ойыны - баланың жастайынан ой-қабілетін шыңдап, дәлдікке, ептілікке, ширақтылыққа, ұстамдылыққа, алғырлыққа тәрбиелеген. Бұл ойын ертеден мал шаруашылығымен айналысқан ата-бабаларымыздың қолданысында келе жатқан көне ойын түрі. Ендеше көнеден келе жатқан ұлттық ойынның бүгінгі таңдағы өрісін кеңейту, жас ұрпаққа қайта жаңғырту біздің қолымызда. Осындай құндылығы жоғары жарыста мектебімізден іріктелген 5 команда бақ таласты. Нәтижесінде "Төленбаевтар" отбасы жүлделі І орынға, "Рашидиновтар" отбасы ІІ орынға, "Нысанбаевтар" отбасы ІІІ орынға ие болса, "Нұрмағанбетовтер" отбасы мен "Мұсаевтар" отбасы белсене қатысқаны үшін ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды. Қатысушы командаларды құттықтай отырып, алғыс білдіреміз!






