09
сентябрь
2020
Жиналыс. 2020-2021 оқу жылында әлеуметтік тұрмысы төмен, көп балалы отбасы балаларына компьютер, ноутбук, планшеттерді тарату туралы
2020-2021 оқу жылында әлеуметтік тұрмысы төмен, көп балалы отбасы балаларына компьютер, ноутбук, планшеттерді тарату туралы №221 негізгі орта мектебінде 5 қыркүйек 2020 жылы ата-аналар жиналысы болып өтті. Жиналыста елдегі белең алған пандемия жағдайына байланысты елімізде көптеген мектептер қашықтан оқитындығы жөнінде айта келіп, біздің мектебіміздегі бала саны аздығына байланысты мектепте дәстүрлі оқитындығы жайлы хабарлама жасалды. Қазіргі таңда мектепке 58 отбасынан 119 бала білім алатынын, оның ішінде 30 көп балалы отбасынан 77 бала, 3 толық емес отбасынан 5 бала, аз қамтылған тұрмысы төмен отбасынан 4 бала білім алатындығы жөнінде айтылып, отбасыларға мемлекет тарапынан бөлініп отырған ноутбук, компьютер, планшеттердің келіп тұрғанын, мектеп онлайн оқуға көшкен жағдайда осы аталған техникалық құрылғылардың берілетіндігі жайлы ата-аналарға ескертті.
Посмотреть онлайн файл: hattama-kompjuter-beru-zhajly-221-den.doc

Посмотреть онлайн файл: hattama-kompjuter-beru-zhajly-221-den.doc
