09
апрель
2023
ТҮНГІ РЕЙД
ТҮНГІ РЕЙД
Оқушылар арасында құқықбұзушылық және түнгі жүрістің алдын алу мақсатында №221 жалпы орта білім беретін мектептің директоры Жахудаев Нариман Үсенұлы бастаған топ түнгі рейдке шықты. Рейд барысында ауыл көшелері, темір жол бойы, балалар жиналуы мүмкін аймақтар қатаң бақыланды.
Басты мақсат оқушылар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу,топтық жиындарды болдырмау, түнгі уақыттарда ата-анасынсыз үй-жайларынан тыс жерге бармауын қадағалау.

