13
апрель
2023
Ата - аналар жиналысы
№221 жалпы орта білім беретін мектебінде мектеп директорының бейінді оқыту жөніндегі орынбасары Б.Нысанбаевтың ұйымдастыруымен 6 сәуір күні 10 сыныптың ата-аналарымен жиналыс өтті. Жиналысқа оқу ісі жөніндегі орынбасары Б.Жоланов, математика пәнінің мұғалімі Н.Шораева, тарих-география пәнінің мұғалімі М.Байдулла, химия-биология пәнінің мұғалімі А.Айтөреева, физика пәнінің мұғалімі Г.Жиембаевалар қатысты. Жиналыста 10-сынып оқушыларынан бейімі бойынша таңдаған пәндерінен жыл басынан бері алынған сынама тесттерінің қорытындысы жайлы айтылды. Ата-аналарға алдағы уақытта балалардың бейіміне қарай қосымша ізденуіне жағдай жасауы ескертіліп, ата-аналармен балалары жайлы еркін пікірлесу болды. Жиналыс соңында ата-аналардан сауалнама алынды. 






