12
январь
2023
Бүгінгі оқушы - ертеңгі студент, болашақ маман
Кездесу кешіне арнайы қонақ ретінде мектеп директоры Н.Жахудаев, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Б.Жоланов, тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М.Құламетов, педагог -психолог Г.Сейтова және студенттер қатыстырылды. Кездесу кешіне 9-10- сынып оқушылары қатысты. Кешіміздің алғашқы сөз кезегін мектебіміздің директоры Н.Жахудаев алып, қазіргі таңда студент жастарымыздың жан- жақты, саналы, терең білімді, бәсекеге қабілетті болуы -қоғам сұранысы екенін, оқу - білім үздіксіз еңбектің арқасында ғана жақсы нәтижеге, жоғары жетістіктерге жеткізетінін айта келе, студенттер мен оқушыларға сәттілік тіледі. Мектеп психологы Г.Сейтова да оқушыларды мамандық таңдау кезінде кездесетін қиыншылықтармен және кімнен ақыл- кеңестер сұрау керектігі жөнінде ақпараттандырды. Оқушылар студенттерге ҰБТ, студенттік шақ т.б. өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын қойып, көп мағлұматтар алды. Кездесу барысында қызықты жағдаяттар шешті.Студенттер мен оқушылар үшін бүгінгі кездесу кеші өте әсерлі болды. Кездесу кешін директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Б.Жоланов, тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М.Құламетовтер қорытындылады. Студенттердің уақыттарын бөліп , кездесуге келгеніне, оқушыларға көптеген мағлұматтар бергеніне кездесу кешін ұйымдастырған мектеп директорының бейінді оқыту жөніндегі орынбасары Б.Нысанбаев алғыс айтып, келешекте еліне , халқына адал қызметін ұсынатын мамандар болуына тілектестік білдіріп, сәттілік, ақ жол тіледі.



















