17
апрель
2023
Түнгі рейд
ТҮНГІ РЕЙД
№221 жалпы орта білім беретін мектебінің мұғалімдер мен ата-аналардан құралған топ тұрақты түрде, тиісті уақытта түнгі рейд жұмыстарын жүргізіп отыр.
Түнгі рейд жұмыстарының мақсаты балалар арасындағы құқықбұзушылықты болдырмау. Сонымен қатар, бүгінгі рейд барысы оқушылар арасында ата-анасынсыз, жауапты өкілінсіз "Қадір түнінде" мешітке барудың алдын алуға бағытталып, аталған мәселе тікелей топ назарында болды. Алайда, рейд барысында ата-анасынсыз көшеде, мешітте жүрген оқушы тіркелмеді.
БАЛА ҚАУІПСІЗДІГІ БАСТЫ НАЗАРДА!




