24
май
2023
"Конго-Қырым геморрагиялық қызбасынан сақтану"
№221 жалпы орта білім беретін мектебінде "Конго-Қырым геморрагиялық қызбасынан сақтану" тақырыбында 1-10 сынып арасында ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Түсіндірме жұмыстары барысында Конго-Кырым геморрагиялық қызбасының бастапқы симптомдары, кене шағудан сақтану жолдары бойынша толық ақпарат берілді.
Кене энцефалиті- табиғи ошақта инфекциялар тобына жататын,жедел өтетін жұқпалы ауру. Бұл ауру адамның түрлі ағзалары мен мүшелерін,ең алдымен,орталық жүйке жүйесін зақымдаумен сипатталады. Тіпті, ауру адамның денесі салданып, бара-бара мүгедек болып қалады. Иксод кенелері деп аталатын түрі- кене энцефалитін таратады. Кененің шағуы аса қауіпті емес,алайда кенелер көптеген аурулардың таратушы болып саналады, олардың ішінде ең қауіптісі- энцефалит пен бореллиоз, сондықтан шағып алған жағдайда тез арада дәрігерге жүгіну керек. Кенелерден жұғатын ауру адамдарға толық пісірілмеген сүт,оның ішінде ешкі сүттері арқылы да жұғуы мүмкін.
Кене несімен қауіпті? Бұл майда паразиттер көктемнің алғашқы айларында тіріліп,белсенділігі арта бастайды. Олардың белсенді уақыты сәуір мен мамыр айлары. Денеңізге кене түссе оны алып тастау керек. Кенені тұмсығына жақын ұстаңыз, оны баспаңыз және жұлып алуға тырыспаңыз,әйтпесе тұмсығы теріге жабысып қалып қоюы мүмкін. Кенені алғаннан соң сараптама зертханасына барып,жәндікті анализге тапсырыңыз. Кене энцефалиті адамның орталық жүйке жүйесін зақымдайды. Ауру белгілері 21 күн ішінде байқалады. Науқастың дене қызуы 38-40 градусқа дейін көтерілуімен тоңып қалтырау және дененің сырқырауымен білінеді. Кенеден қалай қорғануға болады? Әдетте олар жерден денеге тез көтеріледі. Сондықтан,табиғат аясына шыққанда сақ болыңыз! Жабық әрі ашық түсті, денеңізге қонымды киім киіңіз.
Отбасы мүшелерінің денсаулығына байланысты алаңдасаңыз, кене энцефалитіне қарсы екпе жасасаңыз болады.










