05
июнь
2023
"Рәміздерім-мақтанышым!"
/221 жалпы орта білім беретін мектебінде 5- маусым күні "Балдырған" күндізгі-тынығу лагерінің іс-шарасы бойынша 4 маусым Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні мерекесіне орай оқушыларға "Рәміздерім-мақтанышым!" тақырыбында топтық сайыс жүргізілді.
Мақсаты: ҚР Мемлекеттік рәміздерінің шығу тарихымен танысу, авторларын білу, рәміздерді құрметтеуді, Отанының нағыз патриоты болуды үйрену.
Оқушылар ҚР Мемлекеттік Гимн шырқап, интербелсенді тақтадан рәміздердің шығу тарихын көріп, білді.
Сондай-ақ оқушылар арасында "Жайдарлы жаз!" тақырыбында сурет салу сайысы ұйымдастырылды. Салынған суреттер көрмеге қойылып, байқауға үлкен ықыласпен қатысқан жеңімпаздар анықталды.
Топ жетекшілері: Г.Төлекова, Б.Үсенова








