02
июнь
2023
"Балдырған" күндізгі-тынығу лагері
№221 жалпы орта білім беретін мектебіндегі 2022-2023 оқу жылында мектеп жанынан ұйымдастырылған "Балдырған" күндізгі-тынығу лагерінің іс-шарасы бойынша 2-маусым күні лагердің ашылу салтанаты болды.
Мектеп директоры Н.Үсенұлы лагерді ашып, оқушыларға жылы лебізін білдіріп, сәттілік тіледі. 1-маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне орай "Балаларым-бақытым" атты концерттік бағдарлама өткізілді. Балалар би билеп, ән шырқап, көңіл көтерді.
"Тілек шары" ойыны кезінде балалар тілектер жазылған шарларды бір-біріне ұсыну арқылы жақсы тілектерін айтты.
"Келді міне, жайдарлы жаз" тақырыбында флешмоб ұйымдастырылып, жақсы әуенге би билеп, жақсы көңіл-күймен оқушылар тарқасты.
Топ жетекшілері: Г.Төлекова, Б.Үсенова









