09
июнь
2023
Еңбек- тынығу лагері
221 жалпы орта білім беретін мектебінде мектеп балаларының жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру мақсатында еңбек- тынығу лагері жұмыс жасауда . Лагерь жоспарына сәйкес лагерь тынығушылары кабинет көрнекіліктерін жинастырып, кіші қызметкерлерге көмектесті. Сонымен қатар "Ұлы дала елі "тақырыбында бейне роликтер тамашалады. Бейнекөріністі тамашалаған балалар бейне көрініс туралы ойларын ортаға салды. Байырғы қазақ жерінде бір тағдыр және бір мүдде арқылы байланысқан, Ұлы Дала Елінің даңқты тарихы мен дәстүрлерін жалғастырған Қазақстан азаматтары, көптеген ұрпақтың Тәуелсіздік туралы арманын іске асырып, болашақ ұрпақ алдындағы қасиетті парызымызды, бейбітшілік пен келісімнің, бірлік пен тұтастықтың маңыздылығын сезінеді деп сенеміз.
Топ жетекшілері:Б.Нұрмышов
М.Бердихожваева

