02
июнь
2023
«Болашақ» күндізгі тынығу лагері
2023жылдың 02 маусым күні №221 жалпы білім беретін орта мектебінде жазғы мектеп жанынан ұйымдастырылған «Болашақ» лагерінің кезекті күні басталды.
«Жылы жүрек» тілек шеңбері кезінде оқушылар кішкене парақшаларға тілек-армандарын жазып, үрленген шардың ішіне салып, мектеп ауласына арман-тілектер орындалсын деп аспанға ұшырды.
Балаларды қорғау күніне арналған «Балаларым - бақытым» атты мерекелік кешке ұласты. Кешті ашып беру үшін сөз кезегі мектеп директоры Н.Жахудаевқа және мектеп директорының бейінді ісі жөніндегі орынбасары Б.Нысанбаевқа берілді. Біздің елімізде балаларға жасалып жатқан игі істер туралы айта келіп,бар жақсылық - балаларға жасалатынын айтты. Бүгінгі ашылып отырған лагерь де игілікті істердің бір парасы екенін айтып өтті. Лагердегі әрбір күнді есте қаларлықтай қызықты етіп өткізуге шақырды.
Кеште мың бұралған бишілер мен күміс көмей дауысты әншілердің әнін тыңдап, соңында ертегілер елінен келген қонақтармен бірге билеп, суретке түсіп қызықты күн өткізді.
«Ән көңілдің ажары» музыкалық сайыс оқушылардың әнге деген құмарлығын байқау (және балалардың түрлі әуендерді білуі, есте сақтау деңгейлерін анықтау арқылы сазға деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
Күн тәртібінде:
1.Лагердің ашылуы
2. «Жылы жүрек» тілек шеңбері
3. «Балаларым - бақытым» 1 маусым - Халықаралық балалар күніне арналған мерекелік кеш
4. Ән көңілдің ажары
5. Оқушыларды шығарып салу
Том жетекшісі: Жиембаева Гүлмира
