12
июнь
2023
«Болашақ» лагері
Күн тәртібінде:
1.Оқушыларды қабылдау
2. Таңертеңгілік жаттығу
3. «Кім жылдам?»(мақал-мәтел сайысы)
4. «Толағай» спорттық ойыны
5.Оқушыларды шығарып салу
2023 жылдың 12 маусым күні №221 жалпы орта мектебінде жазғы мектеп жанынан ұйымдастырылған «Болашақ» лагерінің кезекті күні басталды.
Балаларды қабылдап болған соң, дене қыздыру жаттығуларын жасауға - таңертеңгілік жаттығу жасауға кезек келді.
Оқушылардың шапшаңдығын, танымдық деңгейін, ой-өрісін анықтау мақсатында «Кім жылдам?» ойыны ойналды. Ойынның мақсаты берілген мақалдың жартысын табу.
Мектептің спорт залында «Толағай» спорттық ойыны ойналды.
Оқушылар жақсы көңіл-күймен үйлеріне қайтты.

